COVID-19
Сатпаева 7а (уг. ул. Сейфуллина)
г. Алматы,
17 сәуір

2023 жылғы 13 сәуірде ҚР ҰҚК Шекара қызметі Академиясының курсанттары мен "Құқықтану: құқық қорғау қызметі" ББ студенттері арасында "Терроризм, радикалды ұлтшылдық және сепаратизм - мемлекеттік құрылымның халықаралық, өңірлік және ұлттық тұрақтылығына қауіп төндіретін негіз" тақырыбында дөңгелек үстел отырысы өтті.

Дөңгелек үстелдің өзекті тақырыбы  қатысушылар тарапынан шынайы қызығушылық тудырды, өйткені таяу шет елдердің мемлекеттік шекараларды нығайтуға бағытталған күш-жігеріне қарамастан, халықаралық терроризм, діни экстремизм және этникалық сепаратизм, есірткі мен қарудың заңсыз айналымы, заңсыз көші-қон мемлекеттердің тұрақтылығына нақты қауіп болып қала береді.

Отырысты қорытындылау кезінде ең белсенді қатысушыларға "Белсенді азаматтық ұстанымы үшін", "Ұлттық қауіпсіздік мәселелерінде кәсіптік бағдарлау", "Шығармашылық көзқарас және шешендік шеберлік" номинациялары бойынша 1,2,3 дәрежелі дипломдар табыс етілді.

ҚР ҰҚК Шекара қызметі академиясының оқытушылары Саттарова С. А., полковник Болтенко Д. Н., подполковник Н. М. Накатаевқа дөңгелек үстелді ұйымдастыруға және өткізуге ат салысқаны үшін алғысымызды білдіреміз.

 


Ілгері

Өтінім түсуі

Онлайн қабылдау комиссиясы Skip to content