Сұрақ:Сәлеметсізбе, мен 1 курс студентімін. Құқық факультетінде оқимын. Білгім келгені қашықтықтан оқуға ауысуға боладыма? Сондай жағдайлар қарастырылғанба екен?
Жауап:Сәлеметсіз бе! Университетте оқу үрдісі Академиялық күнтізбеге сәйкес күндізгі, офлайн форматта ұйымдастырылады.
Қашықтан оқытуды төмендегідей жағдайларда ұсынады:
1) денсаулық жағдайы туралы дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы бар білім алушыларға;
2) халықаралық, республикалық оқу-жаттығу жиындарына, спорттық жарыстарға, зияткерлік және шығармашылық конкурстар мен фестивальдерге қатысушыларға. Оқу үрдісіне қатысты қосымша сұрақтарыңыз болса, офис регистрациядан білуіңізге болады.
Сұрақ:Сәлеметсізбе! Мендегі сұрақ егер студентте С+ болса қызыл диплом ала алады ма? Мысалы рк1-80 рк2-88 ал сессиядан 54 алып ортақ джипи баллы 72ні құрап С+ болса?
Жауап:Сәлеметсіз бе! Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес оқу пәндері және оқу қызметінің басқа түрлері бойынша қорытынды бағаларын А, А- «өте жақсы», В+, В, В -С+ (2019 ж. 1-ші қаңтардан бастап), «жақсы» бағаларымен емтихан тапсырған және оқудың барлық кезеңінде үлгерімінің орташа балы (GPA) 3,5-тен төмен емес, сондай-ақ кешенді мемлекеттік емтихан тапсырған немесе дипломдық жұмысты (жобаны) А, А- «өте жақсы» бағаларымен қорғаған білім алушыға үздік диплом (әскери даярлық бойынша бағаны есепке алмағанда) беріледі. Оқудың барлық кезеңі ішінде қорытынды бақылауды қайта тапсыруы немесе пәндерді қайта тапсыруы (F, FX) бар білім алушыға үздік диплом берілмейді.