COVID-19
Сатпаева 7а (уг. ул. Сейфуллина)
г. Алматы,
"Q" University академиялық саясаты (бұдан әрі – саясат) "Q" University мекемесінің стратегиялық міндеттері мен даму бағдарламасын ескере отырып, қолданыстағы заңнама, білім беру саласындағы нормативтік-құқықтық актілер негізінде әзірленді. Қазақстан Республикасындағы білім беру қызметін реттейтін нормативтік-құқықтық актілер, университет жарғысы және университетті дамыту бағдарламасы өзгерген жағдайда саясаттың ережелері қайта қаралуы мүмкін.
 
"Q" University академиялық саясаты студенттерге бағдарланған оқытуды іске асыруға және білім беру сапасын арттыруға бағытталған білім беру процесін жоспарлау және ұйымдастыру жөніндегі ережелер мен рәсімдер жүйесін білдіреді.
 
Университетті дамытудың академиялық бағдарламасы бәсекеге қабілетті кадрларды даярлауға және оқу кезеңінде қосымша құзыреттерді дамытуға, интеграцияланған білім беру-зерттеу құрылымдарын құруға бағытталған.
 
Академиялық саясаттың мақсаты - бәсекеге қабілетті білім беру бағдарламаларын қалыптастыру және академиялық ұтқырлық пен интернационалдандыруды дамыту арқылы білім алушыларға сапалы білім беру қызметтерін ұсыну.
 
Академиялық саясаттың міндеттері:
Академическая политика
Онлайн қабылдау комиссиясы Skip to content