«Q» UNIVERSITY» 1991 жылы құрылған, тәуелсіз Қазақстандағы алғашқы жеке университет
Алматы қ., Байзақова көш. 125 , Тел: +7 (727) 22 55 999 +7(727) 364-56-45

«Право» АС (жауапты Самалдықова З.М.) студенттермен кездесу ұйымдастырды

Қаржылық сауаттылық деңгейін арттыру, жастардың жеке қаржысына қатысты шешімдер қабылдау кезінде ұтымды қаржылық мінез-құлықты қалыптастыру және олардың құқықтары мен мүдделерін қорғау тиімділігін арттыру мақсатында университеттің барлық бағыттары бойынша студенттердің «№1 қаржылық сауаттылық мектебі» ЖШС басқарушы серіктесі, корпоративтік және жеке қаржы мектебінде сертификатталған бизнес-тренер О.О.Раикхановамен кездесуі ұйымдастырылды. (жауапты Самалдықова З.М.). Кездесуде «Өз қаржы ресурстарын басқару», «Қаржылық қызметтерді пайдалана білу», «Қаржы жүйесі туралы хабардар болу» секциялары бойынша сұрақтар түсіндірілді.

Қазақстанда «қаржылық алаяқтық» өзекті мәселе болып қала береді, өйткені азаматтарды алдаудың барған сайын жетілдірілген және күрделі әдістері қолданылады. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің зерттеулері қаржылық алаяқтардың көбіне жастардың құрбан болатынын, ал алаяқтардың жиі қолданатын құралы телефон арқылы интернеттегі алаяқтық – «вишинг» екені анықталды.

Университет тарапынан қаржылық сауаттылық бойынша ауқымды түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру студенттердің қаржылық дағдыларын жетілдіруге және қаржылық ақпаратты дұрыс түсіндіруге бағытталған.