2024 жылдың 13 желтоқсанында «ПРАКТИКАЛЫҚ ПСИХОЛОГИЯНЫҢ ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ БОЛАШАҚ ДАМУЫ» тақырыбында «Психология және журналистика» академиялық мектебінің 30 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Конференцияның мақсаты – психология саласындағы ғылыми зерттеулер мен инновацияларды дамыту.
Конференцияға Түркия, Германия, Ресей, Өзбекстан және еліміздің жетекші ғалымдары қатысты. Пленарлық отырыстан кейін конференция өз жұмысын үш секцияда жалғастырды. Конференцияға 200-ден астам ғылыми мақалалар қабылданды, оның қорытындысы бойынша «ПРАКТИКАЛЫҚ ПСИХОЛОГИЯНЫҢ ДАМУ ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ БОЛАШАҒЫ» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция мақалаларының жинағы жарық көрді.