Event
«Ұлттық валюта» күніне арналған шетелдік білім алушылардың қатысуымен өтетін «Қаржы» бойынша республикалық студенттік олимпиада
2026 жылғы 11 қарашада «Q» University базасында «Қаржы» білім беру бағдарламасы бойынша Республикалық студенттік олимпиада өтеді. Өтінімдер 2026 жылғы 6 қарашаға дейін қабылданады.
📅2026 ж. 11 қараша, сәрсенбі📍«Q» University, ул. Байзакова 125/185, каб. 505
Event Details
Date:
2026 ж. 11 қараша, сәрсенбі
Location:
«Q» University, ул. Байзакова 125/185, каб. 505
«Бизнес және басқару» академиялық мектебі Қазақстан Республикасының Ұлттық валюта күніне арналған «ҚАРЖЫ» білім беру бағдарламасы бойынша Республикалық пәндік студенттік олимпиадаға шақырады.
Негізгі ақпарат
- Күні мен уақыты: 2026 жылғы 11 қараша, сағат 10:00
- Форматы: офлайн, «Q» University (Алматы қ., Байзақов к-сі, 125/185, 505-кабинет)
- Қатысушылар: жоғары оқу орындарының бакалавриат студенттері — ЖОО ішіндегі І кезеңнің жеңімпаздары
- Командалар: әр ЖОО-дан 2 командадан артық емес
- Жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын
Олимпиада турлары
- «Таныстыру» — ЖИ көмегімен дайындалған бейнеролик сүйемелдеуімен команданы таныстыру (3–5 минут, 20 балл).
- «Үй тапсырмасы» — қаржы және жасанды интеллект тақырыбындағы шағын жоба / презентация (10–15 минут, 30 балл).
- Капитандар сайысы — инвестициялық талдау бойынша тапсырмалар: TVM, NPV, IRR, WACC, Payback Period және т.б. (5–10 минут, 25 балл).
Қатысу үшін
2026 жылғы 6 қарашаға дейін v.sadykova@q.edu.kz поштасына жіберу қажет:
- І кезеңнің қорытындысы туралы ректордың (проректордың) қолы қойылған хат немесе Ғылыми кеңестің шешімі;
- ІІ кезеңге қатысуға өтінім (әр қатысушыға толтырылады).
Жол жүру, тамақтану және тұру шығындары жіберуші тараптың есебінен.
Құжаттар
- Ақпараттық хат (DOC, қазақ тілінде)
- Ақпараттық хат (DOCX, орыс тілінде)
- Ақпараттық хат (DOCX, ағылшын тілінде)
- Қатысуға өтінім нысаны (DOC, қазақ тілінде)
- Қатысуға өтінім нысаны (DOCX, орыс тілінде)
Байланыс
Садыкова Венера Сайыновна — «Бизнес және басқару» академиялық мектебі, тел.: +7 778 143 3385, v.sadykova@q.edu.kz
