«Q» UNIVERSITY» 1991 жылы құрылған, тәуелсіз Қазақстандағы алғашқы жеке университет
Алматы қ., Байзақова көш. 125 , Тел: +7 (727) 22 55 999 +7(727) 364-56-45

2025 жылдың 4 ақпанында «Жоғары білім беруді трансформациялау» тақырыбында семинар өтті.

2025 жылғы 4 ақпанда «Қазақстан университеттері – ел дамуының драйверлері» Hackathon-2025 үшін Астанаға іссапар қорытындысы бойынша ұйымдастырылған «Университеттік білім беруді өзгерту» тақырыбында семинар өтті. Іс-шараны Q университетінің келесі қызметкерлері ұйымдастырып, жүргізді: Кариев А.Д.- Ғылым және ынтымақтастық департаментінің директоры, Астемес Г.К. — Академиялық қызмет департаментінің директоры, Альчимбаева А.С. — IT және сервис мектебінің басшысы.
Семинар жоғары білімді трансформациялаудың өзекті мәселелерін талқылау, тәжірибе алмасу және қазақстандық университеттердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру бойынша шешімдерді іздеу алаңына айналды. Қатысушылар Хакатонда ұсынылған негізгі бастамаларды талқылап, оларды университетімізде жүзеге асыру жолдарын белгіледі.
ЖОО-лардың ел дамуының драйвері ретіндегі рөліне, олардың стратегиялық міндеттерді жүзеге асыруға және жаңа заман сын-қатерлеріне дайын мамандарды даярлауға қосқан үлесіне ерекше назар аударылды.