2024 жылдың 19 қарашасында «Құқық» академиялық мектебінде «Жәбірленушілердің мобильді қосымшаларын пайдаланатын интернет-алаяқтықтың жаңа қауіптері»тақырыбында студенттік конференция ұйымдастырылды және өткізілді.
Конференцияға 6В042 «Заң» бағытының білім беру бағдарламаларының студенттерінен басқа «Q» университеті, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті академиясының курсанттары, Абай атындағы ҚазҰПУ, Каспий қоғамдық университетінің студенттері қатысты.
Конференция бағдарламасына қатысушылардың баяндамалары, оларды талқылау және Интернеттегі алаяқтыққа қатысты қазіргі әлеуметтік мәселе бойынша пікірталастар болды.
Шараның басты мақсаты – жастар арасында ғылыми-зерттеу қызметін дамыту және ғылыммен айналысатын дарынды балаларды анықтау. Мұндай іс-шараларға қатысу студенттерге өздерінің зерттеу дағдыларын көрсетуге, зерттеу идеяларымен бөлісуге, профессорлар мен әріптестерден құнды кеңестер мен қолдау алуға мүмкіндік береді.