«Q» UNIVERSITY» 1991 жылы құрылған, тәуелсіз Қазақстандағы алғашқы жеке университет
Алматы қ., Байзақова көш. 125 , Тел: +7 (727) 22 55 999 +7(727) 364-56-45

2024 жылдың 10 желтоқсанында педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор Жолмұхан Түрікпенұлының 90 жылдығына арналған дөңгелек үстел өтті.

2024 жылдың 10 желтоқсанында «Психология және журналистика» академиялық мектебінің ұйымдастыруымен педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор Жолмұхан Түрікпенұлының 90 жылдығына арналған «Ұлы ұстаз» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелде Жолмұхан Түрікпенұлының психология-педагогика ғылымындағы орны, ұстаздық жолы мен қызметі туралы әріптестер мен студенттер дайындаған баяндамалар тыңдалды.

Профессор Ж.Түркпенұлы 76 жыл бойы халық ағарту саласында өнегелі еңбек етіп, қажырлы еңбегін артта қалдырып, Қазақстан ғылымына зор үлес қосқан ғалым. Соның нәтижесінде «КСРО халық ағарту ісінің үздігі», «Ұстаз», «Ю.Алтынсарин», «Ерен еңбегі үшін», «Еңбек даңқы», «Өмір үшін күрес» атақтары және басқа да мемлекеттік наградалардың лауреаты атанды. «Тәрбие психологиясы» оқулығы алғаш жарық көрген күннен бастап өзектілігін жоймаған, болашақ ұрпақты тәрбиелеуде қолданылып келе жатқан құнды құрал. Соңғы 40 жылда 200-ден астам еңбек пен ғылыми мақалалар жарық көрді. Әсіресе, көрнекті педагог-психолог Төлеген Тәжібаевтың ғылыми мұрасын зерттеп, зерделеу жұмыстарының нәтижелері тәрбие психологиясы саласы үшін үлкен қазына.

Шара соңында ұзақ жылдар қызмет еткен Q университеті мен «Психология және журналистика» академиялық мектебінің ұжымы ғалымды 90 жылдық мерейтойымен құттықтап, марапаттады.