«Q» UNIVERSITY» 1991 жылы құрылған, тәуелсіз Қазақстандағы алғашқы жеке университет
Алматы қ., Байзақова көш. 125 , Тел: +7 (727) 22 55 999 +7(727) 364-56-45

Сот сараптамасы институтындағы практикалық сабақтар

17 қараша

Ынтымақтастық келісімі аясында кестеге сәйкес Алматы қаласындағы Сот сараптама институтында 6В042 «Құқық» оқу бағдарламасы бойынша студенттерге айына екі рет практикалық сабақтар өткізіледі.

Бұл ынтымақтастық өзара қызығушылық тудырады, студенттердің кәсіби бағдар жүйесін дамытуға, олардың таңдаған мамандығы бойынша ішкі істер органдарында, оның ішінде тергеу бөлімшелерінде жұмысқа деген ынтасын арттыруға ықпал етеді.