Ағымдағы жылдың 28 ақпанында 3 курс студенттері (UPD22(4)R) Әлімжанов И., Асанов А., Тельман Р., Ибрагимов И., және Тухтаева Я. ALMA MANAGEMENT УНИВЕРСИТЕТІ мен САЯСАТ ЖӘНЕ ЗАҢ МЕКТЕБІ ұйымдастырған«Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты: жаңа сын-қатерлер және оларды еңсеру стратегиялары» атты жыл сайынғы халықаралық дөңгелек үстелде баяндамалар жасады.
Кездесуде факультет атынан сөз сөйлегендердің қатарында заң ғылымдарының кандидаты Самалдықова З.М.
Дөңгелек үстелдің мақсаты – сыбайлас жемқорлықтың мәнін тереңірек түсінуге және оның алдын алу мен жолын кесудің тиімді тетіктерін әзірлеуге ықпал ету.
Студенттердің мұндай іс-шараларға қатысуы студенттердің өз ойларын білдіру, өз пікірлерін дәлелдеу, ұсынылған шешімдерді негіздеу және өз сенімдерін қорғауда кәсіби дағдыларын дамытуға көмектеседі.