Студенттердің кәмелетке толмағандарды ұстауға арналған орташа қауіпсіздік мекемесіне оқу сапары
6В042 «Құқық» даярлау бағыты бойынша білім беру бағдарламаларын меңгеру аясында студенттер үшін Алматы қаласында орналасқан кәмелетке толмағандарды ұстауға арналған № 11 орташа қауіпсіздік мекемесіне таныстыру сапары ұйымдастырылды.

2026 жылғы 20 қарашада заң ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Е.А. Умурзаков, аға оқытушылар А.О. Мадзигон және Д.О. Толебаев 1–2-курс студенттеріне таныстыру экскурсиясын өткізді.
Сапар барысында білім алушылар бас бостандығынан айыру жазасын өтеп жатқан кәмелетке толмағандарды ұстау жағдайларымен, оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру ерекшеліктерімен және мекеме қызметінің негізгі бағыттарымен танысты.
Сонымен қатар мекеме әкімшілігінің өкілдері студенттермен кәсіби бағдар беру әңгімесін өткізіп, Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару жүйесіне жұмысқа орналасу және қызмет өткеру мүмкіндіктері туралы айтып берді.
Осындай іс-шаралар студенттерге кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстық жазаларды орындау тәртібі жөнінде практикалық түсінік алуға мүмкіндік береді, олардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, мемлекеттік қызметке қызығушылығын қалыптастыруға және болашақ кәсіби қызметін саналы түрде таңдауына ықпал етеді.