Q University Logo
Құқық

Студенттік дебаттар: әкімшілік және қылмыстық жауаптылықтың өзекті мәселелері

«Құқық» академиялық мектебінде «Әкімшілік және қылмыстық жауаптылықтың өзекті мәселелері: тиімділік, ізгілік және экономикалық негізділік» тақырыбында студенттік дебаттар өтті. Дебаттарды мектептің аға оқытушылары Мария Советовна Жумаева және Жанар Солтангазиевна Шалабаева ұйымдастырды.

ByAdministrator11/16/2026

«Құқық» академиялық мектебінде «Әкімшілік және қылмыстық жауаптылықтың өзекті мәселелері: тиімділік, ізгілік және экономикалық негізділік» тақырыбында студенттік дебаттар өтті. Дебаттарды мектептің аға оқытушылары Мария Советовна Жумаева және Жанар Солтангазиевна Шалабаева ұйымдастырды.

Іс-шара студенттердің құқықтық талдау жасау, өз ұстанымын дәлелді түрде қорғау және көпшілік алдында сөйлеу дағдыларын дамытуға, сондай-ақ заң ғылымы мен құқық қолдану тәжірибесінің өзекті мәселелерін талқылауға бағытталды.

Дебаттар екі тақырыптық блок бойынша өткізілді. Әкімшілік құқыққа арналған бірінші блок аясында қатысушылар «Әкімшілік айыппұлдарды арттыру: құқық бұзушылықтардың алдын алудың тиімді шарасы ма, әлде азаматтар есебінен бюджетті толықтыру ма?» деген тақырыпты талқылады. Студенттер әкімшілік жазалардың алдын алу ықпалын, айыппұлдардың құқық бұзушылық сипаты мен азаматтардың материалдық жағдайына сәйкестігін, сондай-ақ айыппұл саясатының мемлекеттік бюджетке әсерін талдады.

Екінші блок қылмыстық құқыққа және «Өмір бойына бас бостандығынан айыру: ізгілік қағидатын жүзеге асыру ма, әлде мемлекеттік бюджетке шамадан тыс салмақ па?» тақырыбына арналды. Қатысушылар қылмыстық жазаның мақсаттарын, қоғамды аса қауіпті қылмыскерлерден қорғау мәселелерін, сотталғандарды түзеу мүмкіндігін және оларды өмір бойы ұстауға жұмсалатын мемлекеттік шығындарды қарастырды.

Екі тараптың өкілдері құқықтық, әлеуметтік және экономикалық дәлелдер келтіріп, Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын талдады, қарсыластарына сұрақтар қойып, көтерілген мәселелерді шешудің өзіндік тәсілдерін ұсынды.

Іс-шара қорытындысы бойынша қатысушылар заңды жауаптылықтың тиімділігі қолданылатын шаралардың қатаңдығымен ғана емес, заңдылық, әділдік, ізгілік, мөлшерлестік және экономикалық негізділік қағидаттары ескеріле отырып бағалануға тиіс деген тұжырымға келді.

Дебаттар студенттердің әкімшілік және қылмыстық құқық саласындағы білімдерін тереңдетуге, сыни ойлауын, кәсіби пікірталас мәдениетін және заманауи құқықтық мәселелерді талдау барысында теориялық білімдерін қолдану қабілетін дамытуға мүмкіндік берді.