Q University Logo
Құқық

«Әйелге құрмет — қоғамға құрмет» тақырыбындағы дөңгелек үстел

25 қараша күні «Құқық» академиялық мектебінде Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты жоюдың халықаралық күніне орай «Әйелге құрмет — қоғамға құрмет» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға мектеп оқытушылары — заң ғылымдарының магистрі, аға оқытушы Д. О. Толебаев, заң ғылымдарының магистрі, аға оқытушы Ш. С. Шалабаева және 2–3-курс студенттері қатысты.

ByAdministrator11/26/2026

25 қараша күні «Құқық» академиялық мектебінде Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты жоюдың халықаралық күніне орай «Әйелге құрмет — қоғамға құрмет» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға мектеп оқытушылары — заң ғылымдарының магистрі, аға оқытушы Д. О. Толебаев, заң ғылымдарының магистрі, аға оқытушы Ш. С. Шалабаева және 2–3-курс студенттері қатысты.

Дөңгелек үстелдің мақсаты білім алушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, зорлық-зомбылықтың кез келген көрінісіне төзбеушілік көзқарас қалыптастыру, сондай-ақ оның алдын алу және жәбірленушілерге тиісті қолдау көрсету жолдарын талқылау болды.

Іс-шараға шақырылған сарапшылар ретінде Алматы қаласы Алмалы ауданы Полиция басқармасының өкілдері қатысты:

  • Алмалы ауданы ПБ ҚҚББ ЗЗҚББ бастығы, полиция подполковнигі А. Ж. Сарманова;
  • Алмалы ауданы ПБ ҚҚББ ЗЗҚББ аға инспекторы, полиция подполковнигі Ж. К. Умарова;
  • Алмалы ауданы ПБ ҚҚББ ПСЖН учаскелік инспекторы, полиция лейтенанты Әділ Мұхтаров;
  • Алмалы ауданы ПБ ҚҚББ ЮПБ учаскелік инспекторы, полиция лейтенанты А. С. Молдахметов.

Қатысушылар әйелдердің қауіпсіздігі, олардың құқықтары мен қадір-қасиетін қорғау қоғамның құқықтық және адамгершілік тұрғыдан даму деңгейінің маңызды көрсеткіштері екенін атап өтті. Зорлық-зомбылықты тек отбасының ішкі мәселесі ретінде қарастыруға болмайтыны, өйткені ол адамның өміріне, денсаулығына, бостандығы мен қадір-қасиетіне қол сұғатыны айтылды.

Кездесу барысында студенттер зорлық-зомбылықтың негізгі түрлерін: физикалық, психологиялық, экономикалық, сексуалдық және цифрлық зорлық-зомбылықты, сондай-ақ қудалау — сталкингті қарастырды. Отбасында, оқу орындарында, жұмыс орнында, қоғамдық орындарда, көлікте, интернетте және жақын адамдар арасындағы қарым-қатынаста орын алатын зорлық-зомбылық белгілеріне ерекше назар аударылды.

Қатысушылар құқықтық жағдаяттарды, зорлық-зомбылықты анықтау тәсілдерін, жәбірленушілерді қолдау алгоритмдерін және оның алдын алу шараларын талқылады. Іс-шара соңында «Әйелге құрмет — қоғамға құрмет» резолюциясы қабылданды.

Студенттер әйелдердің құқықтары мен қадір-қасиетін құрметтеуге, зорлық-зомбылықтың ешбір түрін ақтамауға, жәбірленушілерді кінәлауға жол бермеуге және мұндай жағдайларды жасырмауға шақырды. Қатысушылар сондай-ақ теңдік, өзара келісім, сенім және жеке шекараларды құрметтеу қағидаттарын қолдайтындарын білдірді.

Өткізілген дөңгелек үстел студенттердің құқықтық мәдениетін, әлеуметтік жауапкершілігін және зорлық-зомбылыққа бірлесіп қарсы іс-қимыл жасау қажеттілігі туралы түсінігін дамытуға ықпал етті.