Q University Logo
Психология және журналистика

Q University-де психология бойынша халықаралық ғылыми дөңгелек үстел өтті

2026 жылғы 12 қарашада Q University-де «Қазіргі жоғары білім берудегі адам психологиясы: әл-ауқат, даму және өзін-өзі жүзеге асыру» тақырыбында халықаралық ғылыми дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

ByAdministrator11/17/2026

2026 жылғы 12 қарашада Q University-де «Қазіргі жоғары білім берудегі адам психологиясы: әл-ауқат, даму және өзін-өзі жүзеге асыру» тақырыбында халықаралық ғылыми дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Іс-шараға Қырғызстан Халықаралық университетінің өкілдері – Жоомартова Элиза Жомартовна бастаған университет оқытушылары мен студенттері қатысты.

Дөңгелек үстелдің негізгі мақсаты – қазіргі жоғары білім беру жүйесіндегі адамның психологиялық әл-ауқаты, тұлғалық және кәсіби дамуы, өзін-өзі жүзеге асыру мәселелерін ғылыми тұрғыдан талқылау, сондай-ақ психологиялық ғылым саласындағы өзекті мәселелер бойынша халықаралық тәжірибе алмасу.

Кездесу барысында жоғары білім беру ортасындағы психологиялық қолдау, студенттердің тұлғалық әлеуетін дамыту, эмоциялық әл-ауқатты сақтау, кәсіби қалыптасу және тұлғаның өзін-өзі жүзеге асыру мүмкіндіктері қарастырылды.

Екі жоғары оқу орнының профессор-оқытушылар құрамы мен студенттерінің бірлескен қатысуы ғылыми пікір алмасуға, кәсіби тәжірибемен бөлісуге және халықаралық академиялық байланыстарды нығайтуға мүмкіндік берді.

Халықаралық ғылыми дөңгелек үстел жоғары білім беру жүйесіндегі психологиялық ғылымның өзекті бағыттарын талқылауға, университетаралық ынтымақтастықты дамытуға және халықаралық ғылыми байланыстарды кеңейтуге бағытталған маңызды алаң болды.