«ZanAlem жобасы: сотқа дейінгі тергеп-тексеру саласындағы цифрлық технологиялар» тақырыбындағы қонақ дәрісі
2026 жылғы 12 қарашада «Құқық» академиялық мектебі «Құқық» білім беру бағдарламасының студенттері үшін «Өрлеу» инновациялық технологиялар орталығы» ЖШС директорының орынбасары, қауымдастырылған профессор, әділет кеңесшісі Ренат Амангелдіұлы Медиевтің қонақ дәрісін ұйымдастырды.

Дәріскер сотқа дейінгі тергеп-тексеру органдарының қызметін кешенді қолдауға арналған ZanAlem цифрлық платформасын таныстырды. Жоба процестік қызметті автоматтандыруға, қызметкерлердің жұмыс жүктемесін азайтуға және қылмыстық істерді тергеп-тексеру сапасын арттыруға бағытталған.
Іс-шара барысында тергеу әрекеттері жүргізілетін жерде процестік құжаттарды рәсімдеуге, аудиожазбаларды мәтінге айналдыруға, фото және бейнематериалдарды тіркеуге, фотокестелер мен жоспар-схемаларды жасауға мүмкіндік беретін Smart Tergeuşı мобильді модуліне ерекше назар аударылды.
Дәріс барысында студенттер ZanAlem платформасының құқықтық кітапханасы, оқыту модулі және кәсіби форумының мүмкіндіктерімен танысты.
Кездесу болашақ заңгерлерге сотқа дейінгі тергеп-тексеру саласында қолданылатын заманауи цифрлық технологиялар және құқық қорғау қызметін цифрлық трансформациялаудың перспективалары туралы ақпарат алуға мүмкіндік берді.