Студенттердің Алматы қаласы Полиция департаментіне таныстыру экскурсиясы
2026 жылғы 19 қарашада «Құқық» білім беру бағытының 4-курс студенттері Алматы қаласының Полиция департаментіне барды.
2026 жылғы 19 қарашада «Құқық» білім беру бағытының 4-курс студенттері Алматы қаласының Полиция департаментіне барды.
Экскурсия барысында білім алушылар Жедел басқару орталығы мен криминалдық полиция бөлімшелерінің қызметімен танысып, ішкі істер органдарының тарихы музейін аралады. Департамент өкілдері студенттерге полиция қызметінің негізгі бағыттары, қызметтік жұмыстың ерекшеліктері және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі құқық қорғау органдарының рөлі туралы айтып берді.
Экскурсия болашақ заңгерлерге теориялық білімдерін практикалық мәліметтермен толықтыруға, ішкі істер органдарының қызметі туралы түсініктерін кеңейтуге және полиция қызметкерлері жұмысының ерекшеліктерімен танысуға мүмкіндік берді.
Осындай іс-шаралар студенттердің кәсіби бағдарлануына ықпал етеді, олардың заңгерлік мамандыққа деген қызығушылығын арттырады және университеттің құқық қорғау органдарымен өзара ынтымақтастығын нығайтады.
