Q University Logo
Event

«Экономиканың цифрлық трансформациясы: жасанды интеллект, инновациялар және тұрақты даму перспективалары» халықаралық ғылыми семинары

Q University «Бизнес және басқару» академиялық мектебі оқытушыларды, магистранттар мен докторанттарды және жас ғалымдарды 2026 жылғы 27 қарашада гибридті форматта өтетін «Экономиканың цифрлық трансформациясы: жасанды интеллект, инновациялар және тұрақты даму перспективалары» атты халықаралық ғылыми семинарға қатысуға шақырады.

📅2026 ж. 27 қараша, жұма📍Almaty, Baizakov St. 185/125, hall 909 / Zoom

Event Details

Date:

2026 ж. 27 қараша, жұма

Location:

Almaty, Baizakov St. 185/125, hall 909 / Zoom

Q University «Бизнес және басқару» академиялық мектебі оқытушыларды, магистранттар мен докторанттарды және жас ғалымдарды 2026 жылғы 27 қарашада гибридті форматта өтетін «Экономиканың цифрлық трансформациясы: жасанды интеллект, инновациялар және тұрақты даму перспективалары» атты халықаралық ғылыми семинарға қатысуға шақырады.

Қатысушылар: Қазақстан Республикасынан, Америка Құрама Штаттарынан, Түркиядан және Вьетнамнан студенттер, магистранттар мен докторанттар, жас зерттеушілер, оқытушылар және ғалымдар. Жұмыс тілдері: қазақ, орыс және ағылшын.

Семинардың мақсаты — ұлттық экономиканың цифрлық трансформациясының қазіргі үрдістерін, жасанды интеллект пен инновациялық технологиялардың бәсекеге қабілеттілікті арттырудағы рөлін және жаһандық цифрландыру жағдайында тұрақты экономикалық даму перспективаларын талқылау.

Семинардың негізгі міндеттері

  • Қазақстан және басқа елдердің экономикасының цифрлық трансформациясының қазіргі үрдістерін талқылау.
  • Жасанды интеллектті әртүрлі экономикалық салаларда қолдану әлеуетін қарастыру.
  • Цифрлық инновацияларды енгізудегі халықаралық тәжірибені зерттеу.
  • Цифрлық кәсіпкерлік пен интеллектуалды технологиялардың даму перспективаларын анықтау.
  • Цифрландырудың еңбек нарығына, білім беруге және кадрлар даярлауға әсерін талқылау.
  • Халықаралық ғылыми және білім беру саласындағы ынтымақтастықты дамыту бойынша ұсыныстар әзірлеу.

Семинар секциялары

  • 1-секция. Ұлттық экономиканың цифрлық трансформациясы: халықаралық тәжірибе және даму перспективалары.
  • 2-секция. Қазіргі экономикадағы жасанды интеллект және интеллектуалды технологиялар.
  • 3-секция. Халықаралық стандарттар бойынша есеп пен аудиттің цифрлық трансформациясы.
  • 4-секция. Мемлекет пен бизнестің тұрақты дамуын басқарудың заманауи моделі.

Күні, уақыты және орны

  • Күні: 2026 жылғы 27 қараша.
  • Уақыты: 10:00 (Астана уақыты).
  • Өткізілу орны: Алматы қ., Байзақов көшесі, 185/125, № 909 конференц-зал.

Материалдарға қойылатын талаптар

  • Көлемі — 3–5 бет; Times New Roman, 14 қаріп; жиектер: сол жағы 3 см, жоғарғы және төменгі 2 см, оң жағы 1,5 см; жол аралығы — бір.
  • Тақырыптың жоғарғы оң жақ бұрышында автордың аты-жөні, ғылыми дәрежесі мен атағы, лауазымы мен жұмыс орны көрсетіледі. Тақырып БАС ӘРІПТЕРМЕН жазылады; тақырып пен мәтін арасында екі бос жол қалдырылады.
  • Әдебиеттер тізімі мен сілтемелер мақала соңында араб цифрларымен төртбұрышты жақшада [1, 5 б.] ГОСТ бойынша беріледі.
  • Мақалаға қазақ, орыс, түрік және ағылшын тілдерінде түйіндеме беріледі.
  • Ұйымдастыру комитеті талаптарға сәйкес келмейтін мақалаларды жарияламауға құқылы.

Баяндамалар тіркеу парағымен бірге (аты-жөні, ғылыми дәрежесі мен атағы, мекеме, пошталық мекенжай, e-mail, телефон, баяндама атауы, қажетті техникалық құралдар, қонақ үй брондау) 2026 жылғы 22 қарашаға дейін қабылданады. Жол жүру және тұру шығындары іссапарға жіберуші тараптың есебінен.

Онлайн қатысу (Zoom)

Қосылу: https://us06web.zoom.us/j/89527705976?pwd=3XKO8mEpwfHVsfvXkZLTf2DDnJW68t.1

Конференция идентификаторы: 895 2770 5976. Кіру коды: 522941.

Байланыс

  • Бейсенбаева А. К. — 8 747 856 10 15, azhar.kakimovna@mail.ru
  • Лапбаева С. Ш. — 8 700 747 86 63, Sanimkul487@gmail.com