Журналистика студенттері «Азияның үздік студенті – 2026» халықаралық байқауында І орын алды
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдық мерейлі белесіне орай ұйымдастырылған «Азияның үздік студенті – 2026» халықаралық байқауында "Q" University білімгерлері айтулы жеңіске жетіп, оқу орнымыздың мерейін үстем етті.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдық мерейлі белесіне орай ұйымдастырылған «Азияның үздік студенті – 2026» халықаралық байқауында "Q" University білімгерлері айтулы жеңіске жетіп, оқу орнымыздың мерейін үстем етті.
Азия елдерінің дарынды да талапты жастарын қолдау, олардың зияткерлік және шығармашылық әлеуетін шыңдау, ғылым мен білімге деген құштарлығын арттыру және халықаралық жастар ынтымақтастығын нығайту мақсатында өткен бұл дүбірлі додада «Психология және журналистика» академиялық мектебінің «Журналистика» білім беру бағдарламасының 2-курс студенттері Есенбай Дидар мен Нурболова Жасмин өздерінің білімділігімен, ізденімпаздығымен және кәсіби шеберліктерімен дараланды.
Тәжірибелі ұстаз Махаббат Нұрымбетқызының жетекшілігімен елордамыз Астана қаласында өткен салтанатты марапаттау рәсіміне арнайы қатысқан қос дарын халықаралық деңгейде бақ сынап, жүлделі І орынды қанжығасына байлады.
Бұл жеңіс – жас журналистердің қажырлы еңбегі мен тынымсыз ізденісінің, сондай-ақ ұстаз бен шәкірт арасындағы жемісті ынтымақтастықтың айқын көрінісі. Шәкірттерімізге шығармашылық шабыт, қаламдарының ұштала түсуін және алдағы уақытта да биік белестерді бағындыра берулерін тілейміз!
