Q University Logo
Құқық

Университет студенті «ҮЗДІК СТУДЕНТ» республикалық байқауында I дәрежелі диплом иегері атанды

«Құқық» білім беру бағдарламасының екінші курс студенті Ажар Сымбатқызы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығына арналған «ҮЗДІК СТУДЕНТ» республикалық байқауына қатысты. Байқауды «Bilim-Òrkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығы ұйымдастырды.

ByAdministrator11/3/2026

Студент байқауға «Сыбайлас жемқорлық: қалыптасу тарихы, әлемдік тәжірибе және Қазақстандағы оған қарсы іс-қимыл мәселелері» тақырыбындағы ғылыми жұмысын ұсынды. Өз зерттеуінде ол сыбайлас жемқорлықтың пайда болуының тарихи алғышарттарын, осы құбылысқа қарсы күрестің шетелдік тәжірибесін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын жетілдірудің өзекті мәселелерін қарастырды.

Байқау қорытындысы бойынша Ажар Сымбатқызы I дәрежелі дипломмен, арнайы төсбелгімен және «ҮЗДІК СТУДЕНТ» мүсіншесімен марапатталды.

Бұл жетістік студенттің жоғары деңгейдегі дайындығын, зерттеушілік қабілетін және өзекті құқықтық әрі қоғамдық мәселелерді зерделеуге деген қызығушылығын көрсетеді.

Ажар Сымбатқызын және оның ғылыми жетекшісі — заң ғылымдарының магистрі, «Құқық» академиялық мектебінің аға оқытушысы Рабиға Көлекбайқызы Тәңірбергенованы лайықты марапаттарымен құттықтаймыз!

Алдағы уақытта толағай табыс, жаңа ғылыми жетістіктер мен жарқын жеңістер тілейміз!