ALATAU CITY BANK ӨКІЛДЕРІ ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ ТАҚЫРЫБЫНДА ҚОНАҚ ДӘРІС ӨТКІЗДІ 16 ҚЫРКҮЙЕК • 14:00 • «БИЗНЕС ЖӘНЕ БАСҚАРУ» АКАДЕМИЯЛЫҚ МЕКТЕБІ
ALATAU CITY BANK ӨКІЛДЕРІ ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ ТАҚЫРЫБЫНДА ҚОНАҚ ДӘРІС ӨТКІЗДІ 16 ҚЫРКҮЙЕК • 14:00 • «БИЗНЕС ЖӘНЕ БАСҚАРУ» АКАДЕМИЯЛЫҚ МЕКТЕБІ
ALATAU CITY BANK ӨКІЛДЕРІ ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ ТАҚЫРЫБЫНДА ҚОНАҚ ДӘРІС ӨТКІЗДІ
16 ҚЫРКҮЙЕК • 14:00 • «БИЗНЕС ЖӘНЕ БАСҚАРУ» АКАДЕМИЯЛЫҚ МЕКТЕБІ
16 қыркүйек күні сағат 14:00-де «Бизнес және басқару» академиялық мектебінде Alatau City Bank өкілдерінің «Қаржылық сауаттылық және дропперлікке қарсы іс-қимыл: алаяқтық схемалардан қалай қорғануға болады» тақырыбындағы қонақ дәрісі өтті.
Кездесуде сөз сөйлеген спикерлер:
• бөлшек бизнес жөніндегі директор Айзада Қайратқызы;
• орталық бөлімшенің бастығы Құлбек Жансая;
• бас менеджер Гүлметова Ақмарал;
• бас менеджер Әсем Сембекова.
Банк өкілдері білім алушыларға жеке қаржыны басқарудың негізгі қағидалары, банк карталары мен мобильді қосымшаларды қауіпсіз пайдалану, сондай-ақ қаржылық алаяқтықтың кең таралған тәсілдері туралы айтып берді.
Дропперлік мәселесіне — азаматтарды заңсыз жолмен алынған ақшаны қабылдау, аудару немесе қолма-қол ақшаға айналдыру операцияларына тартуға ерекше назар аударылды. Спикерлер жылдам табыс туралы күмәнді ұсыныстарды қалай анықтауға болатынын және банк картасын, шот деректемелерін, растау кодтарын немесе мобильді банкингке қолжетімділікті үшінші тұлғаларға берудің салдарын түсіндірді.
Практикалық мысалдар негізінде қатысушылар алаяқтықтың типтік схемаларын талқылап, дербес деректер мен ақшаны қорғауға арналған ұсынымдар алды. Жеке банк шотын бөтен ақшаны қабылдау немесе аудару үшін пайдалану туралы ұсыныс заңсыз әрекетке тарту белгісі болуы мүмкін екені атап өтілді.
Кездесу соңында білім алушылар сарапшыларға сұрақтар қойып, қауіпсіз қаржылық мінез-құлық қағидаларын талқылады. «Бизнес және басқару» академиялық мектебі Alatau City Bank өкілдеріне мазмұнды дәрісі, практикалық кеңестері және білім алушылардың қаржылық мәдениетін дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс білдіреді.
