«Q» UNIVERSITY» 1991 жылы құрылған, тәуелсіз Қазақстандағы алғашқы жеке университет
Алматы қ., Байзақова көш. 125 , Тел: +7 (727) 22 55 999 +7(727) 364-56-45

Доктор Али ТОПЧУКпен қонақтық дәріс

2024 жылдың 25 сәуірінде Бизнес және менеджменттің Академиялық мектебі Германияның Федералдық мемлекеттік әлеуметтік ғылымдар институтының философия және дінтану бөлімінің философия ғылымдарының докторы Али ТОПЧУКпен «Жаңа дәуірдегі экономиканың философиялық мәселелері» тақырыбында қонақтық дәріс өткізді. Қонақ лекция барысында экономика факультетінің студенті Нұрбек Рүстем: – «Экономикалық ынтымақтастықтың келешегі туралы сіздің көзқарасыңыз қандай?» деген сұрақ қойды.

Бұған доктор Али ТОПЧУК былай деп жауап берді: «Экономика, еңбек, мүдделер мен қажеттіліктер сияқты негізгі экономикалық категорияларды түрлендіруге ерекше назар аударылады.Осы кезеңдегі экономикалық мәселелер жаңа философиялық мағынаға толы.

Қазақстан мен Германияның экономикалық ынтымақтастығын өзара тиімді серіктестік пен білім алмасу философиясы контекстінде қарастыруға болады. Ол екі елдің экономикалық және мәдени тұрғыдан дамуына ықпал ететін өзара құрмет, сенім және жаңашылдық қағидаттарына негізделген».