2025 жылдың 17-23 ақпан аралығында университетіміздің ғылым және ынтымақтастық департаментінің директоры А.Д.Кариев. Ферғана мемлекеттік университетінде болды. Сапар барысында факультет декандарымен бірқатар кездесулер өткізіп, ғылым және ғылыми-зерттеу саласындағы ынтымақтастық перспективаларын талқылады.
Кездесулерде бірлескен ғылыми жобалар, оқытушылар мен зерттеушілер арасында тәжірибе алмасу, сондай-ақ студенттердің халықаралық ғылыми бастамаларға қатысу мүмкіндігі туралы мәселелер көтерілді.
Ферғана мемлекеттік университетінің әріптестерімен диалог ғылыми байланыстарды нығайту және университетаралық ынтымақтастықты дамыту жолындағы маңызды қадам болды.