Q University Logo

«Q» University мансап

Бос жұмыс орындары

2026 жылғы 10 маусым

"«Q» University" мекемесі 2026-2027 оқу жылына профессор-оқытушылар құрамы мен ғылыми қызметкерлердің бос лауазымдарына конкурс жариялайды.

Ашық бос жұмыс орындарының тізбесі

Академиялық мектептерБос жұмыс орындары
IT және қызметтер
Аға оқытушы 5 бірлік
Доцент3 бірлік
Қауымдастырылған профессор6 бірлік
Құқық
Аға оқытушы23 бірлік
Доцент40 бірлік
Қауымдастырылған профессор (доцент)15 бірлік
Бизнес және басқару
Аға оқытушы4 бірлік
Қауымдастырылған профессор (доцент)18 бірлік
Академиялық мектеп басшысы 1 бірлік
Психология және журналистика
Аға оқытушы 9 бірлік
Қауымдастырылған профессор (доцент) 9 бірлік
Профессор 5 бірлік
Жалпы білім беру пәндері
Оқытушы 3 бірлік
Аға оқытушы 12 бірлік
Доцент 5 бірлік
Қауымдастырылған профессор (доцент) 10 бірлік
Профессор 5 бірлік

Маңызды ақпарат

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар хабарландыру жарияланған күннен бастап 20 (жиырма) күнтізбелік күн ішінде (қоса алғанда) «Q» University ректорының атына қажетті құжаттармен бірге өтінішті (нысан бойынша) тапсырады.

Құжаттар келесі мекенжай бойынша қабылданады: Алматы қ., Байзақов к-сі, 125, 402-кабинет.

Конкурстың өтетін күні, орны және форматы кейінірек хабарланады.

Құжаттарды қабылдау тәсілдері: қолма-қол немесе пошта арқылы, не болмаса электрондық поштаға (janadilova.g@q.edu.kz) сканерленген түрде, жұмыс күндері: сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін.

Талап етілетін құжаттар

Жаңа үміткерлер өтінішке төмендегі құжаттарды қоса тапсырады:

Жеке куәліктің көшірмесі;
Резюме (нысан бойынша); (жүктеу)
Өмірбаян;
Жеке кадрлық есеп парағы және фото (3х4);
Жоғары білімі, академиялық және ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы туралы дипломдардың көшірмелері және салыстыру үшін түпнұсқалары;
ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2020 жылғы 30 қазандағы бұйрығымен бекітілген №075 нысанындағы медициналық анықтама;
Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеттен Egov.kz арқылы алынған, қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы мәліметтердің бар-жоғы жөніндегі анықтама;
Наркологиялық ұйымнан Egov.kz арқылы алынған, есепте тұрмайтыны туралы анықтама;
Психоневрологиялық ұйымнан Egov.kz арқылы алынған, есепте тұрмайтыны туралы анықтама;
Ғылыми еңбектер мен өнертабыстар тізімі (бар болса); (жүктеу)
Қайта даярлау және біліктілікті арттыру туралы сертификаттардың көшірмелері (бар болса) және салыстыру үшін түпнұсқалары.

Қолданыстағы үміткерлер келесі құжаттарды ұсынады:

Ғылыми еңбектер мен өнертабыстар тізімі (бар болса); (жүктеу)
Қайта даярлау және біліктілікті арттыру туралы сертификаттардың көшірмелері (бар болса) және салыстыру үшін түпнұсқалары.

Конкурсқа қатысушылар өздерінің біліміне, кәсіби деңгейіне (алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар), сондай-ақ жұмыс тәжірибесі мен біліктілігін растайтын құжаттарға қатысты қосымша ақпарат ұсынуға құқылы.

Жоғарыда көрсетілген тізбеге сәйкес құжаттардың толық емес топтамасын ұсыну өтінішті қабылдаудан бас тартуға негіз болып табылады.

Профессор-оқытушылар құрамының бос лауазымдарына конкурсқа жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар, «Q» University профессор-оқытушылар құрамы лауазымдарына қойылатын біліктілік сипаттамаларына сәйкес келетін тұлғалар жіберіледі.

Үміткер көрсетілген мерзімнен кейін ұсынған өтініштер мен конкурстық құжаттар қарауға жатпайды.

Үміткерлерге қойылатын талаптар

На должность «Профессора»: жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі, ғылым кандидаты немесе ғылым докторы, немесе философия докторы (PhD), немесе бейіні бойынша доктор ғылыми дәрежесі немесе философия докторы (PhD), немесе бейіні бойынша доктор академиялық дәрежесі бар, және (немесе) қауымдастырылған профессор (доцент) немесе профессор ғылыми атағы (бар болса) бар, кемінде 5 жыл ғылыми-педагогикалық өтілі бар тұлға тағайындалады.

На должность «Ассоциированного профессора»: жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі, ғылым кандидаты немесе ғылым докторы, немесе философия докторы (PhD), немесе бейіні бойынша доктор ғылыми дәрежесі бар және қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағы немесе университеттің Ғылыми кеңесі бекіткен қауымдастырылған профессор (доцент) академиялық атағы бар, кемінде 3 жыл ғылыми-педагогикалық қызмет өтілі бар тұлға тағайындалады.

На должность «Старшего преподавателя»: дайындық бағытының бейініне сәйкес келетін жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі немесе магистр дәрежесі бар және кемінде 3 жыл ғылыми-педагогикалық қызмет өтілі бар, оның ішінде кемінде 1 жыл оқытушы лауазымында, немесе кадрлар даярлау бағыты бойынша кемінде 2 жыл практикалық жұмыс өтілі бар тұлға тағайындалады.

Для ознакомления:

  • «Q» University мекемесінің профессор-оқытушылар құрамы мен ғылыми қызметкерлер лауазымдарын конкурстық тәртіппен алмастыру қағидалары.
  • Профессор-оқытушылар құрамының біліктілік кәсіби стандарты.

«Q» University жұмыс істеудің артықшылықтары

Кәсіби даму

Ғылыми өсуге, конференцияларға қатысуға және біліктілікті арттыру бағдарламаларына мүмкіндіктер.

Заманауи жағдайлар

Алдыңғы қатарлы жабдықтармен жабдықталған заманауи аудиториялардағы ыңғайлы жұмыс орындары.

Тұрақтылық

Тұрақты жалақы, әлеуметтік пакет және ресми жұмысқа орналасу.

Тату ұжым

Кәсіби өсуге ықпал ететін шығармашылық және қолдау көрсететін жұмыс ортасы.

Білдірген қызығушылығыңыз үшін алғыс білдіреміз! Құрметпен, HR кеңсесі

Бізбен хабарласыңыз

Бос жұмыс орындары және өтініш беру процесі туралы қосымша ақпарат алу үшін «Q» University HR бөліміне хабарласыңыз.

8 (727) 225 59 99