2025 жылдың 24 ақпанында «IT және Services» академиялық мектебінің ұйымдастыруымен «21 ғасырдағы цифрлық білім беру құралдары» тақырыбында әдістемелік семинар өтті. Осы әдістемелік семинардың спикері: т.ғ.к., «АТ және сервис» ҒА доценті Ибраев Мәжит Сүлейменұлы.
Семинардың мақсаты – цифрландыру мен жасанды интеллект технологияларын енгізу жағдайында білім беру жүйесін дамыту және озық тәжірибені тарату.
Семинарға«Q» УНИВЕРСИТЕТінің профессор-оқытушылар құрамы белсенді қатысты.
Әдістемелік семинар барысында педагогикалық саладағы өзекті тақырыптар мен ақпараттар талқыланды.